Қостанай облысындағы өрт кезінде 5 жасар бала қаза тапты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
505

Қостанай облысының Меңдіқара ауданында жеке тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан бала қаза тапты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оқиға 24 желтоқсанда Боровское ауылының жеке тұрғын үйінде болған, 101 жедел қызмет пультіне хабар түскен.

ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жеті минут ішінде келген. Құтқарушылар келгенге дейін үй иесі түтінге толған бөлмеден екі баланы сыртқа алып шығып үлгерген.

Олардың бірі орталық аудандық ауруханаға жатқызылып, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Екінші бала, жедел қызметтердің мәліметінше, жедел жәрдем келген кезде өмір белгілерін көрсетпеген. Қаза тапқан баланың 2020 жылы туған ұл бала екені хабарланды.

Бала өлімі фактісі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, өрттің мән-жайы мен себептері анықталуда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...