Қостанайда ер адам қарияны аяусыз ұрып-соққан

Дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1395

Қостанайда ер адам көшеде қарт кісіні қатыгездікпен соққыға жықты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы ALASH.KZ жариялады.

Қостанай қаласының орталығында егде жастағы ер адамды соққыға жығу оқиғасы тіркелді. 

Оқиға «Тандыр» кафесінің жанында болған. Жантүршігерлік сәт бейнебақылау камераларына түсіп, әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Бейнежазбада белгісіз ер адамның қарияға бірнеше рет күш қолданғаны анық көрінеді.

Жанжалға араша түспек болған әйелге қарамастан, күдікті әрекетін жалғастырған.

Қазіргі таңда оқиғаның нақты мән-жайы анықталуда. Құқық қорғау органдары бұл жағдайға байланысты әзірге ресми пікір білдірген жоқ.

Желі қолданушылары бұл оқиғаға бейжай қарамай, шабуыл жасаған азаматты жауапқа тартуды талап етуде.

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...