Шымкентте шетелдіктерді заңсыз кіргізіп келген қылмыстық топ ұсталды

Фото: ІІМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1137

Шымкентте шетелдіктерді заңсыз кіргізіп келген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Күдіктілер шетел азаматтарын ақшалай сыйақы үшін елге кіргізіп, оларды заңсыз жолмен заңдастырған.

Жедел іс-шара барысында 28 тінту жүргізіліп, ондаған шетелдік паспорт, жалған құжаттар, техника мен ірі көлемде ақша тәркіленді. Сондай-ақ тіркелмеген қару анықталған.

Топ ұйымдастырушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іске қатысы бар 13 адам полицияға жеткізілді. Тергеу басталды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...