Әлем чемпионы атанған қазақ балуанына бір үйір жылқы сыйға берілді

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1055

Грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанған Жаңажол Қуанышбекке ақтөбеліктер ерекше сый-құрмет көрсетті. Спортшыға бір үйір жылқы сыйға берілген, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ 1bol.kz сайтына сілтеп.

Грекия астанасы Афинада қарсылас шақ келтірмеген жас спортшыға жерлестері бір үйір жылқы сыйға берді. Балуанды бұдан да үлкен сый күтіп тұрғаны да айтылды.

Айта кетейік, әлем біріншілігінде қазақстандық балуан 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. Финалдық белдесуде Қуанышбек Қырғызстаннан барған Нуркерим Кумарбековті жеңді.

Сонымен қатар Грекиядағы аламанда Нұрдәулет Құмарұлы (48 келіге дейін) мен Нұралы Асқар (55 келіге дейін) күміс медаль иеленсе, Шамиль Досбол (65 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Аталған спортшылардан бөлек әлем чемпионатына Базарбек Данияр (51 келі), Ақон Дамир (60 келі), Мейірбекұлы Марлен (71 келі), Макхамбаев Марданбек (80 келі), Тойшы Əділет (92 келі), Советхан Бақтұp (110 келі) қатысты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...