ҚБТУ ректоры Маратбек Ғабдуллин сұхбатында қаңтардың 11-інен 12-сіне қараған түні болған өртте мәж...
Белгілі журналист Гүлнәр Бажкенова Kaspi.kz-ке қарсы шықты
Фото: Видеодан кадр
Белгілі журналист, Orda.kz сайтының басшысы Гүлнәр Бажкенова Kaspi.kz-ке қарсы шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бүгін Kaspi.kz өздерінің дәстүрлі түрде өтетін жаңа қызметтерін таныстырып шара өткізуде. Алайда Бажкенованың пікірінше, Kaspi ұсынған ең басты «жаңашылдық» – әлеуметтік желілерге 5 минутта қол жеткізу, яғни бөгде адамның аккаунтын бұзып кіру. Мұндай бассыздық үшін олардың жазасыз қалуын баса айта кету керек.
Kaspi тарапынан тағы бір «жаңалық» деуге болатын қадам – мемлекеттік деректер қорындағы азаматтардың жеке мәліметтерін пайдаланып жасалатын алаяқтықтар.
Журналистің бұл әрекетін «НеМолчи kz» қоры қолдап, былай деп пікір жазды:
«Каспи.kz полицияға қорға тиесілі деректерді, яғни аты-жөн, ЖСН, телефондар, мекен-жайларды заңсыз берді. Заң бойынша, олар қылмысқа күдіктінің деректерін беруге құқылы. Бірақ олар күдіктілерден бөлек қарапайым адамдардың деректерін, олардың жеке банктік шоттарын, депозиттердің банктік құпиясын, жеке мәліметтерін жариялады. Құқық қорғаушылар мен журналистерді қуғын-сүргінге ұшырату мақсатында қауіпсіздік күштерімен бұл ынтымақтастық қалыпты жағдайға айналды».