Мемлекет басшысы Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдад...
Таразда депутатты соққыға жыққан
Сурет ашық дереккөзден алынды
Әлеуметтік желілерде Таразда Алматы облысы Іле ауданы мәслихатының депутаты Нұрлан Байғазиевтің аяусыз соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Жамбыл облыстық полиция департаменті оқиғаның болғанын растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 13 мамыр күні кешке қаланың бір дәмханасында болған. Соққыдан кейін депутат бетінің жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Алайда Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ол ауруханаға жатудан бас тартқан.
"Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі – «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаға қатысы бар адам анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында оқиғаның барлық жай-жапсарын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп мәлім етті құқық қорғау органдары.
Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, Нұрлан Байғазиев Таразға іссапармен барған. Ол заңгер ретінде клиенттерімен кездесу өткізіп жатқан. Дәл сол сәтте оған шабуыл жасалғаны хабарланып отыр. Алдын ала болжам бойынша, ер адам депутатты кастетпен ұрған.