Қытайда өршіген вирус Қырғызстаннан да табылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1815

Қытайда метапневмовирусы тарады. Қазақстанда да  метапневмовирус штамы анықталды. Бүгін, 6 қаңтар күні қырғызстандықтардан да вирус түрі анықталғаны белгілі болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Қытайдағы жергілікті БАҚ-тың жазуынша, ауруханалар пациенттерге толы екен. Әсіресе 14 жасқа дейінгі балалар арасында бұл ауру түрі жиі тіркеліп жатыр.

Осыған орай еліміздің денсаулық сақтау министрлігі кеше, 5 қаңтар күні мәлімдеме жасаған еді. Айтуларынша, метапневмовирусы көптеген елде ондаған жылдар бойы таралған классикалық вирустың бірі. Әлемдегі сияқты елімізде де ЖРВИ және тұмаудың маусымдық өсуі байқалады. Оның штамы Қазақстанда тұмау өршіген кезде инфекцияның басқа түрімен қатар анықталды. Оны жұқтырғандар саны 1,6%-ды құраған.

Ал Қырғызстанда бір күнде 2 адамнан жаңа вирус түрі анықталды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...