Түркияда емделіп жатқан Ербаян Мұхтардың жағдайы белгілі болды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
413

Әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар Стамбұлда емін жалғастырып жатыр. Құқық қорғаушы Инга Иманбай  Ербаянның денсаулығына қатысты соңғы жаңалықтарды бөлісті, деп хабарлады madeniportal.kz.

Оның айтуынша, емдеу процесі оң нәтижелер беріп жатыр әрі дәрігерлердің болжамы жақсы. Бұрынғы сарбаздың басына ота сәтті жасалып, инфекциядан толық айыққан. Оның өміріне қазір қауіп төніп тұрған жоқ. Ұзақ әрі нәтижелі емнің арқасында айтарлықтай оң өзгерістер байқалған.

 Катетері мен мұрнындағы зонд алынды. Салмақ қосып, робот арқылы қимылдай бастады. Өзі аздап тамақ іше бастады. Дәрігерлердің болжамы жақсы, бірақ толық оңалуға әлі уақыт керек. Емі Стамбұлда жалғасып жатыр, — дейді Инга Иманбай.

Сондай-ақ адвокат Ербаянға жігер, ата-анасы мен жақындарына сабыр тілеп, қолдау көрсеткен баршаңызға алғыс білдірді.

Ербаянның жақындары оның денсаулығы үшін қолдау білдірген барлық жанға алғыс айтты.

«Бұл жетістіктер сіздердің қолдауларыңыздың арқасында. Жақсылықтан үміт үзбейміз!», — деп жазды ол.

Жаңалықтар

Жаңа адамдар қозғалысы адамдарды автобуста жолақы төлеп жүруге шақырып, науқан бастады, деп хабарлай...

Жаңалықтар

Астанада жеті қабатты тұрғын үйде орналасқан фитнес орталық өртенді, деп хабарлайды madeniportal.k...