Ресейде коронавирустан айықтыратын дәрі сатылымға шықты

ЖАҢАЛЫҚТАР
3675

Ресейдің тікелей инвестициялар қоры және ХимРар компаниялар тобы "Авифавир" атты коронавирусты емдеуге арналған препаратты Беларуссияға экспорттай бастады, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" ria.ru сайтына сілтеме жасап.

Жақын уақытта дәрі-дәрмек Қазақстанға жетеді деп күтілуде. Сонымен қатар, Латын Америкасының бірқатар мемлекеттерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр, ТМД және Таяу Шығыс елдері де қызығушылық танытты.Естеріңізге сала кетейік, мамыр айының соңында клиникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша өзінің тиімділігін дәлелдеген "Авифавир" Денсаулық сақтау министрлігінің тіркеу куәлігін алды және COVID-19-ға қарсы фавипиравирдің белсенді ингредиенті бар әлемдегі алғашқы дәрі болды.  Кейін ол коронавирустық инфекцияның алдын-алу, диагностикалау және емдеу бойынша нұсқаулықтардың тізіміне енгізілді.

«АҚШ билігінің шешімі бойынша Ремдесивирдің (Gilead Science) 100 пайызын алдағы айларда сатып алу туралы және әлемдік нарықта тиімді дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін ескере отырып, Ресей коронавируспен күресте басқа елдерге көмектесуге және "Авифавирді" басқа мемлекеттерге жеткізуге дайын. Ресейлік дәрі бірнеше есе арзан және таблетка күйіндегі шығарылу формасы  қабылдауды жеңілдетеді, бұл коронавирусты жұқтырудың алғашқы сатыларында емдеуге мүмкіндік береді », - деді Кирилл Дмитриев.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...