«Ресейден жалтақтайды»: Жұмамұрат Шәмші кейбір мереке күндерді атап өтіп дәстүрін сынға алды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
480

Танымал тарихшы Жұмамұрат Шәмші Qasqa Jol YouTube-арнасына сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Тарихшы 31 мамыр ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні жайлы өз ойын айтты.

"Негізі Ресейден жалтақтайды. Әлі күнге дейін солай. Зиялы, оқыған азаматтар сөзі тыңдалмай жатады. Негізінен ашаршылық басқа қуғын сүргін құрбандары екеуі екі бөлек дүние. Оның барлығын қосып жіберген. Ара-жігін ажырата алмайсың. Жылдағы дәстүр бойынша барлығымызды Жастар сарайына алдына жинап, бір автобуспен Астанадан отыз бес шақырым жердегі Ақмол ауылына апарады. Онда сол баяғы құрбандарды еске алуға арналған АЛЖИР музейін аралатады. Соның басына жиналып гүл шоқтарын қоямыз. Жылда сол дәстүр. Болды сосын тарайды. Бірақ сол күн жайлы зерттелген лаборатория, сыни жазбалар жоқ. Алайда жылда қаншама қаражат бөлініп отырады. Ол қаражат тек музейді ұстауға оның қызметкерлеріне жұмсалып жатыр деп көрсетіледі", - дейді тарихшы.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...