«Ел болып қайғырды»: Шұбарсу тұрғындары Каспийде қаза тапқан сарбаздарға арнап ас берді

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
263

Шымкент маңындағы Шұбарсу ауылының тұрғындары Каспий теңізінде әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздарды еске алып, олардың рухына арнап ас берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Азаттық рухы да жазды. Ауыл тұрғындары қайғылы оқиғадан көз жұмған әскери қызметшілерге Құран бағыштап, марқұмдардың рухына дұға жасады.

Осылайша, Шұбарсу жұртшылығы ел басына түскен қайғыға бейжай қарамай, қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына ортақтасып, азаматтық жанашырлық танытты.

Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиға бүкіл елді дүр сілкіндірген еді. Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздардың қазасы қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды.

«Қабыл болсын! Имандары жолдас, жатқан жерлері жайлы болсын! Ауыл адамдарына Алла разы болсын!», «Әр ір оқылған дұғаларыңыз қабыл болсын! Баршаларыңызға кетпес дәулет кең пейіл берсін! Сарбаздарымыздың жаны жәннатта болсын! Алла мейіріміне алсын!», «Оқылған Құран бағыштала берсін, жас сарбаздарға! Рақмет сіздерге, Алла сыйласын!» – деп жазды желі қолданушалары.

Шұбарсу тұрғындарының бастамасы – марқұмдарға көрсетілген құрмет пен олардың жақындарына білдірілген көңілдің бір көрінісі.

 
Смотреть в Threads

ЖАҢАЛЫҚТАР

Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтар үшін баспана сатып алуды қолжетімді ету мақсатында ба...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өзін сынаған емші Бағдагүлге әлеуметтік желіде жауап берді, деп...