Ресейдің үш қаласында оқушыларды қазақша оқытатын мектеп ашылады

Фото: aikyn.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1965

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Астрахань, Омбы және Орынбор қалаларындағы этникалық қазақтар тұратын жерлерде қазақ тілінде оқытатын қазақ-орыс мектептері ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz Halyq Uniтілшісіне сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мәдениетінің ошақтарын құруға қатысты мәселелерді қозғаған болатын. Осы тұрғыда бүгін Қазақстанда орыс тілінде білім беру қызметтерін ұсынатын 3 бірлескен мектеп құру талқыланды. Қазақстандық әріптестеріміз Орынбор, Омбы және Астраханьда қазақ тілінде оқытатын осындай бірлескен мектептерге қызығушылық танытып отыр, – деп атап өтті Лавров бүгін Астанада өткен брифингте.

Ресейде қазірдің өзінде қазақ тілін оқыту іске асырылып жатыр. Бұл этникалық қазақтар тығыз қоныстанған аймақтарда жүргізіледі.

2021 жылғы санақ нәтижесіне сүйенсек, бүгінде Ресейде 591 мыңнан аса қазақ тұрады. Олардың көбі Астрахань, Орынбор, Омбы және Саратов облыстарында шоғырланған.

Айта кетейік, қазір қазақ тілі Алтай мен Омбы облысының мектептерінде оқытылады. Сонымен қатар, Қазақстанның мемлекеттік тілі Омбы облысының 11 мектебінде міндетті пән саналады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...