Оралда бес жастағы бала секция жаттығуы кезінде көзінен айырылып қалды

Әлеуметтік желіден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1319

Орал қаласында бес жасар бала аралас жекпе-жек (MMA) үйірмесінде болған қайғылы жағдайдан кейін бір көзінен айырылды деп хабарлады Madeniportal.kz.

Бұл туралы SMARTNEWS.KZ жазды.

Ерсұлтан есімді баланың анасы баласы жаттығу басталмай тұрып, басқа балалармен ойнап жүргенін айтады. Сол сәтте 15 жастағы жасөспірім оған трактордың дөңгелегін лақтырған. Дөңгелек соққаннан кейін бала құлап, басын батареяға соғып алған.

Дәрігерлер екі мәрте ота жасағанымен, көздің көруі қалпына келмеген. Қазір балаға мүгедектік тағайындалды. Полицияның мәліметінше, оқиғаға байланысты жаттықтырушы мен жасөспірімге қатысты екі қылмыстық іс қозғалған, бірақ кейіннен «қылмыстық құрам болмауына» және жасөспірімнің жасына байланысты жауапкершілікке тартылмайтынына орай істер тоқтатылған.

Баланың анасы секцияда қауіпсіздік шаралары сақталмайтынын жеткізді. Оның айтуынша, әртүрлі жастағы балалар бір залда жаттығады, ал кейде жаттықтырушы келмей қалып, кіші балаларды үлкендеріне тапсырып қояды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...