Ресейлік жойғыш ұшақ Атырау әуежайына шұғыл қонды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
412

20 ақпан күні таңертең Ресейлік көпмақсатты Су-30 жойғыш ұшағы Атыраудағы Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайға жоспардан тыс қонды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ұшақты Ресей Федерациясының азаматы, 1986 жылы туған, Башқұртстан Республикасы, Белорецк қаласының тумасы Дмитрий Нифантьев басқарған. Әскери ұшақ Каспий теңізі үстінде әскери жаттығу жасап жүрген. 

Ұшу кезінде ұшқыш бағытынан адасып қалған. Сол себепті Атырау әуежайына шұғыл қону туралы шешімі қабылданған. 

Ұшақ қалыпты режимде қонды, жолаушыларға немесе әуежайдың жұмысына қауіп төнген жоқ.Жойғыш ұшақ аз уақыт тұрақтады, ал ұшқышқа медициналық көмек көрсетілді. 

Қажетті рәсімдер мен келісімдер жүргізілгеннен кейін ұшақ Қазақстан Республикасының аумағынан шығып, Ресейге оралды. 

“Тиісті органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Жарияланған сәтте ресми толық түсініктеме беріледі”, – делінген жазбада. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ішкі істер министрлігінің тексеруі барысында Атырау қаласы Полиция басқармасының бастығы тарапынан з...

АЙМАҚТАР

Қазақстан аумағында 16 сәуірде ауа райы күрт құбылып, бірқатар өңірде қауіпті метеорологиялық құбылы...