Росавиация ұшақ апатына дейін дрондар шабуылдағанын растады

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
2899

Росавиация Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл туралы Көлік министрлігі айтты. Ведомствоның дерегінше, тиісті мәлімет ресейлік Ростовтың ұшу жетекшісінен келіп түскен.

“Ростов ұшу жетекшісінен сағат 10:53-те түскен хабарламаға сәйкес, Ақтау мұнарасының ұшу жетекшісіне жолаушылар кабинасында оттегі баллоны жарылғаны және жолаушылардың есінен танып жатқаны туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ қону сәтіне жедел жәрдем дайындау сұралды. Осы ақпарат негізінде барлық төтенше қызметтер шұғыл түрде хабардар етіліп, дайындыққа келтірілді. Оқиғалардың хронологиясы Ростов ұшу жетекшісінің хабарламаларына сүйене отырып, брифинг барысында жарияланды”, - делінген хабарламада.

СПОРТ

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов үлкен спорттағы мансабын жалғастырып, 2028 жылы Лос-Андже...

PESTEL

Непалда алапат су тасқынынан кейін жоғалып кеткен әйел 10 күннен соң үйінді астынан тірі құтқарылды,...