Атышулы Хасан Шерзаттың әкесінің досын жәбірлегені анықталды

Фото: Инстаграмнан

ЖАҢАЛЫҚТАР
1619

2021 жылы өзін ұрлап, ұрып-соғуды Хасан Қасымбаев ұйымдастырғанын мәлімдеген ММА спортшысы Арман Әлімов Шерзат Болаттың  әкесімен мектеп кезінен бері дос болған, деп хабарлайды Madeniportal.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасапуи.

Істің жаңа қыры – Әлімов пен қаза болған жасөспірімнің отбасы арасындағы болжалды байланыс. Дереккөздің айтуынша, ол Шерзатты жаттықтырған болуы мүмкін.

«Әлімов Шерзаттың әкесінің досы әрі сыныптасы», – деп түсіндірді сұхбаттасымыз.

Еске салайық, Қасымбаевқа қатысты «Адам ұрлау», «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» және «Бопсалау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Жақында Арман Әлімовтің анасы Orda.kz-ке ұлының 2021 жылдың маусым айында ұрланып, соққыға жығылғанын айтты.

«Қазан айының соңында бізді Алматы облысының полиция департаментіне шақырып, қайтадан жауап алды. 2021 жылы 17 маусымда баламды ұрып-соғып, ұрлап әкетті. Оны елсіз жерге апарып, азаптады. Сот күресі үш жылға созылып, іс қайта ашылғанға ұқсайды. Біз айғақ бердік, ал менің ұлым қылмысқа тапсырыс берген адам ретінде Қасымбаевты көрсетті», – деді әйел.

Кеше сондай-ақ Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша екінші жәбірленуші пайда болғаны белгілі болды. Бұл туралы Әлімовтің адвокаты бірнеше БАҚ өкілдеріне хабарлады.

Orda.kz ақпарат көзі екінші жәбірленушінің 2016 жылғы оқиғаға қатысы бар екенін түсіндірді. Ол кезде іс «озбырлық» бабы бойынша тергелген, бірақ тараптардың татуласуына байланысты жабылған. Алайда қазір тергеу қайта ашылып, "бопсалау" санатына ауыстырылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақ даласын әнмен тербеткен сазгер Шәмші Қалдаяқовтың әндері енді шетелдік платформаларда ойнатыла...

ЖАҢАЛЫҚТАР

17 жыл құлдықта болған Назгүл бен Құндыздың қамқоршысы Зүлфия Төлегенова күтпеген мәлімдеме жасады,...