Индонезияда есірткі контрабандасына қатысты күдікпен 36 жастағы Бразилия азаматы ұсталды. Құқық қорғау органдары оның чемоданынан косметикалық құралдар құтысына жасырылған 3,6 келіден аса сұйық кокаин тапты. Полиция мәліметінше, бұл Бали аралында тәркіленген сұйық кокаиннің ең ірі партияларының бірі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Саяхатшы чемоданындағы зат үшін өлім жазасына кесілуі мүмкін
Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz
The Star мәліметінше, әйелді Балиге ұшып барған бойда полиция мен кеден қызметінің өкілдері ұстаған. Ол Бразилиядан сейсенбіде, 6 қазанда барған.
Жүкті тексеру кезінде құқық қорғаушылар 3,6 келіден аса сұйық кокаин тапты. Тыйым салынған зат сусабын мен басқа да жеке гигиена құралдарының жеті құтысына салынған.
Полиция мәліметінше, бұл партия аралда табылған сұйық кокаиннің ең ірі партияларының бірі болды.
Жергілікті полиция өкілі Ариасанди биліктің мұндай қылмыстардың жолын кесуге қатысты ұстанымы қатаң екенін мәлімдеді.
"Біз Бали аймағында есірткінің заңсыз айналымына жол бермеу қағидатын берік ұстанамыз", - деп атап өтті ол.
Жауап алу кезінде бразилиялық әйел бұл тапсырманы отандасынан алғанын айтты: ол есірткіні Балидегі белгілі бір адамға жеткізуі керек болған. Тасымалдағаны үшін оған 50 мың доллар сыйақы уәде етілген.
Құқық қорғау органдары тасымалдауды ұйымдастырған адамның жеке басын анықтады ма, жоқ па - жарияланған хабарламада нақтыланбаған.
Неге Индонезияда өлім жазасына кесуі мүмкін?
Индонезияда есірткіге қатысты әлемдегі ең қатаң заң қолданылады. Есірткі саудасы үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру, өмір бойына түрмеге қамау және өлім жазасы қарастырылған.
Дегенмен, бұл елде бірнеше жылдан бері өлім жазасы орындалмай келеді. Кейінгі рет өлім жазасы 2016 жылы жүзеге асырылды: сол кезде есірткіге қатысты қылмыс жасағаны үшін сотталған төрт адам атылды. Олардың арасында Индонезияның бір азаматы мен Нигерияның үш азаматы болған.
Тергеу ұшқыштың ұшар алдында экипаж мүшелеріне арналған барлық қауіпсіздік рәсімінен, соның ішінде рентгендік тексеру мен әуежай қызметкерлерінің бақылауынан өткеніне назар аударды.
Ер адам ұсталғаннан кейін Малайзияның құқық қорғау органдары ішкі тексеруді бастады. Ел полициясының есірткімен күрес басқармасының басшысы Хусейн Омар Хан ұшқыш өткен тексеру аймағында кезекшілікте болған әуежай қызметкерінен жауап алынатынын мәлімдеді.
"Біз оны жауап алуға шақырамыз, қажет болған жағдайда қамауға аламыз", - деді ол.
Қосымша тексеру кезінде ұшқыштан кішкене құтыға салынған несеп табылған. Тергеу болжамы бойынша, ол есірткіге тест тапсыру кезінде үлгіні ауыстыру үшін пайдаланылуы мүмкін.