Шымкент әуежайында итті қағып кеткен ұшақ сынып қалған

Фото: Freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
768

Шымкент әуежайында ұшақ ұшып-қону жолағына қонар кезде бір итті қағып кеткен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алматыдан Шымкентке бет алған FS7105 рейстің ұшағы 15 сәуір күні Шымкент әуежайына қонған кезде итті қағып кеткен. Жануардың өлі-тірісі белгісіз. Бірақ, ұшақ зақымданған.

«Соқтығыстан кейін ұшақтың кейбір жеріне зақым келген. Қазір компания сынған бөлшектерді ауыстыру үшін Алматыдан бөлшектер алдырып жатыр», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі БАҚ өкілдеріне.

Қазір Көліктегі полиция департаменті тексеру жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...