Самбодан әлемнің екі дүркін чемпионы Айсара Керімбекова 20 жылдан бері аула сыпырып жүр

Фото: ztbnews

ЖАҢАЛЫҚТАР
1924

Самбодан әлемнің екі дүркін чемпионы Айсара Керімбекова 20 жылдан бері аула сыпырып жүр, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

«Уақыт көрсетеді» youtube арнасына берген сұхбатта спортшы 20 жылдан бері аула сыпырып жүргенін және айына сол үшін 100 мың теңге алатынын айтты. 

«Таңғы сағат 5- те тұрып, 2 сағат аула сыпырамын. 20 жылдан асып кетті. Басында айлық көтерілмей тұрғанда 20-25 мың алатынбыз. Қазір көтерді осы жерге қарағаным үшін 60 мың, аула сыпырғаныма 40 мың аламын»,- дейді Айсара Керімбекова. 

Айта кетейік, әлемге танымал қазақ спортшысы Айсара Керімбекова 1965 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ол самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдодан спорт шебері, Қазақстанның үш дүркін чемпионы, қазақ қыздарының арасында Әлем кубогын иеленген спортшы. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...