Елімізде зейнетақы жинақтарының жеткілікті шектік мөлшері өсті

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

ЖАҢАЛЫҚТАР
447

2026 жылдан бастап Қазақстанда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) қаражат алуға арналған ең төменгі жеткілікті шектері (ЕТЖШ) орта есеппен 10%-ға өсті. Бұл өзгеріс зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын сақтау мақсатында енгізілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қазіргі таңда қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге немесе инвестициялық басқаруға беруге пайдалана алады. Алайда азаматтар барлық жинағын емес, тек міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан және ЕТЖШ-тен асатын артық бөлігін ғана шешіп ала алады.

ЕТЖШ енгізілуінің негізгі мақсаты – зейнетақы жүйесінің басты қызметін, яғни болашақта азаматты зейнетақымен қамтамасыз етуді сақтау. Сондықтан қаражат алынғаннан кейін шотта белгілі бір «қорғалатын сома» қалуы тиіс.

ЕТЖШ мөлшері азаматтың жасына тікелей байланысты: жасы ұлғайған сайын, зейнетақы жинағының қажетті ең төменгі көлемі де арта түседі. Бұл — зейнет жасына жақындаған адамдардың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Айта кетейік, ең төменгі жеткіліктілік шектері ең төменгі зейнетақының және күнкөріс минимумының өсуіне байланысты кезең-кезеңімен қайта қаралып отырады. 1 қаңтардан бастап бұл көрсеткіштер 10%-ға артқан болатын, соған сәйкес ЕТЖШ те ұлғайды. 

АЙМАҚТАР

Қарағандыда қатты аязда оқушы су толы ашық құдыққа құлаған. Бұл туралы баланың әпкесі мәлім етті, де...

ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ

Габриэль Гарсиа МАРКЕС, Колумбия жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Мақсатты да мағыналы ғұмыр к...