Семейде көшеде жүрген жылқы әйелді таптап өтті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2026

56 жастағы әйелдің миы шайқалып, бірнеше жерден сүйегі сынған, қазір ол дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлайды Madeniportal.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Шылбырын сүйреген жылқы қала орталығында екі күн жүрген. Ақыры бағдаршамнан өтіп бара жатқан әйелді таптап өтіп, жеңіл көліктердің біріне соғылған. Тәртіп сақшылары мен қоғам белсенділері жануарды ұстау үшін ізіне түсті. Алайда жылқыны бірден құрықтау оңайға соқпаған.

Полиция қызметкерлері оны патрульдік көліктермен жан-жақтан қаумалап жүріп әрең ұстаған. Дүйім елді шулатқан жылқының қожайыны іздестіріліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...