Серікзат Дүйсенғазының шығармашылық кеші өтті

Фото: инстаграм/ astana_filarmoniyasy

ЖАҢАЛЫҚТАР
1534

Белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазы шығармашылық кеш өткізді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Салтанатты кеш кеше, 8 желтоқсан күні Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының концерт залында өтті. Серікзат Дүйсенғазы — ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультетінің деканы, «Құрмет» орденінің иегері.

Бұл кеште ақынның жүрекке жақын шығармалары мен алтын қорға енген әндері орындалды

«Концертке филармонияның Қазақ оркестрі, Alem заманауи би балеті, сонымен қатар қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары «МузАрт» тобы, Өмірқұл Айниязов, «Жігіттер» квартеті, Заттыбек Көпбосынұлы, Қанат және Света Айтбаевтар, Досымжан Таңатаров, Роза Әлқожа, Айгүл Қосанова, Өзгеріс Шерікбай, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Ардақ Балажанова, Қыдырәлі Болман, Қарақат Әбілдина, Ерлан Рысқали, Қуандық Рахым, айтыс өнерінің шеберлері Серік Қалиев, Ринат Зайытов, Еркебұлан Қайназар өнер көрсетті», - деп жазылған Астана филармониясының желідегі жазбасында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...