Шерзат ісі: Адвокат Мейірман Шекеев сот үкімнен кейін сотталушылардың әрекеті туралы айтты

Фото: ulysmedia

ЖАҢАЛЫҚТАР
3626

Талғарда кісі қолынан мерт болған Шерзат Полаттың әпкесі Перизат Нұрымова мен олардың құқығын қорғаған адвокат Мейірман Шекеев сот үкімнен кейін сотталушылардың әрекеті туралы айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Мейірман Шекеев сот үкімінен кейін сотталушылардың бірі – Абзал Шынасылдың өзіне қарай ұмтылғанын айтты.

— Үкім шыққаннан кейінгі олардың әрекетін көрдік. Адамды өлтіріп қоя жаздады. Ана жерде сот болып, қаншама күзетші тұр, сонда да әйнекті сындырып, маған қарай, бізге қарай ұмтылды. Шынасыл Абзал мені қорқытатындай әрекет жасады. Мен еш нәрседен қорықпаймын. Асарымды асап, жасарымды жасаған адаммын, — деді Шекеев.

Адвокаттың айтуынша, сотталушылар теріс мінез-құлқымен жағдайды ушықтырған. Оның сөзінше, егер олар кінәсін мойындап, шын өкініш білдіргенде, жазалары жеңілдеуі мүмкін еді.

— Мен оларға да, адвокаттарына да кеңес бердім. “Сендер дұрыс кеңес беріп отырған жоқсыңдар” дедім, — деді ол.

Қазіргі таңда сот шешімі шыққанымен, қоғам назарындағы бұл істің айналасындағы дау әлі де жалғасып жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда түрлі қылмыс жасады деген күдікке ілініп, кейін Біріккен Араб Әмірліктеріне қашып...

СПОРТ

Бүгін, 6 қазанда Ұлттық құрама Ұлттар лигасының 4-туры аясында Астанада Фарер аралдарымен кездеседі,...