Шерзат Полат ісі бойынша айыпталушылар шетелде жасырынбақ болған

Фото: ulysmedia

ЖАҢАЛЫҚТАР
1759

Шерзат Полат ісі бойынша айыпталушылар шетелде жасырынбақ болған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. 

Бүгінгі сот отырысы 2024 жылы 4 қазанға қараған түні айыпталушылар көлікте сөйлескен сәттің аудиожазбасын тыңдалды. 

Жәбірленуші тараптың адвокаттары әңгімеде айтылған ең маңызды тұстарын оқып шықты. Айыпталушы Нұрқияс Ильясов оқиға кезінде Шерзаттың анасының өзін тоқтатуға тырысқанын, бірақ соған қарамастан оның ұлын ауыр жарақаттағанын мойындаған. 

Сондай-ақ, айыпталушылар шабуыл кезінде қолданылған қарудың қайдан келгені жөнінде өзара сөйлескен. Олар қылмыстан кейін елден қашу жоспарын да қарастырған – нақтырақ айтқанда, Грузия мен Ресейге кетуді қарастырған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...