«Сеул», «Сидней», «Токио»: Бойжеткен есімін Барселона деп өзгертті

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
122

Қазақстандық Айтолқын Айханова өз есімін ресми түрде Барселона деп өзгерткенін хабарлады. Ол жаңа туу туралы куәлігін алып, бұл шешімді ұзақ уақыт бойы ой елегінен өткізгенін айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оның сөзінше, дүниеге келген кезде атасы оған Барселона деген есім берген. Алайда 40 күн өткен соң аты Айтолқын болып өзгертілген. Араға 36 жыл салып, ол туғандағы алғашқы есімін қайта қайтаруға шешім қабылдаған.

Барселонаның айтуынша, атасы балалары мен немерелеріне әлемдік спорттық додалар өткен қалалардың атауын беру дәстүрін ұстанған. Сол себепті олардың әулетінде Сеул, Сидней және Токио есімді туыстары бар.

Жаңа құжаттарын қолына алған ол енді жұртшылықтан өзін Барселона деп атауды сұрады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актриса Жанель Серғазина әнші Еркеш Хасенмен отбасын қалай құрғанын айтып, көпшілік арасындағы сынға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде ағылшын тілі пәні бойынша тес...