Сот залында өзіне қол салған қыздың анасы тың ақпаратпен бөлісті

Фото: видеодан скриншот

Жаңалықтар
82

10 желтоқсан күні Қарасай ауданының қылмыстық істер жөніндегі сотында сотталушы Елизавета Терентьева өзіне қол жұмсады. Ол Қазақстанға құны 500 млн теңге есірткі тасымалдауға әрекет еткен деп айыпталуда, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kzтілшісіне сілтеме жасап. 

12 желтоқсан күні адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының ұйымдастырумен пресс-конференция өтті.  Есірткі тасымалды деп айпталып отырған сотталушылар Елизавета Тереньтеваның анасы - Полина Терентьева және Айя Сағындықтың анасы- Мейрамгуль Қасымбекова сөз сөйледі. 

2023 жылдың күзінде Айя Сағындық пен Елизавета Терентьева салмағы 25 килограмм есірткі жүктерін Қазақстанға тасымалдауға әрекет жасады деп айып тағылды. Алайда, қыздар оқиға орнында емес жүк жеткізілетін жердің маңында жүрген.

Сотталушылардың аналары , қыздарың жөн-жозықсыз соттап жатыр деп шырылдап жүр. Біреуі тіпті әділдік іздеймін деп Алматы облысының прокуратура ғимаратында өз-өзін өртеп жібермекші болған. 

Сонымен қатар, сот отырысы кезінде сот алқабилерге қысым көрсетіп, сот процесін айқын айыптаумен жүргізеді деп санайды. Осыған байланысты олар сотты ауыстырып, қазылар алқасын таратуды талап етіп отыр.

«Сот отырысы кезінде қыздар өздерің жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақыруды өтінді, алайда ешкім шақырмады. Кейін қызым өзіне қол салды», - дейді Терентьева. 

Жаңалықтар

Республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардағы LED-экрандарда жемқорлыққа қарсы роликтер көрсетіл...

Жаңалықтар

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қаржаубай Нұрымовтың ісіне қатысты полиция берген...