Шоумен Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға сотталды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
210

Алматы облысының Қарасай аудандық соты Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты үкім шығарды. Ол 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, сот залында қамауға алынды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында Алматы облысы Полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов жариялаған. Судья Шолпанқұлованың төрағалығымен өткен сот отырысында Нұрсұлтан Жақсыген кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Сонымен қатар сот үкімімен Жақсыгенге бес жыл бойы бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде сөз сөйлеуге тыйым салынған.

Сот Фариза Сабырәлиеваның азаматтық талабын ішінара қанағаттандырып, оның пайдасына 5 миллион теңге өндіріп беру туралы шешім қабылдаған.

Үкім жарияланғаннан кейін Нұрсұлтан Жақсыген сот залында қамауға алынды.

Рустам Абдрахманов жазбасында істі тергеген Алматы облысы Полиция департаменті мен Қарасай аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне, прокуратураға және мемлекеттік айыптаушы Нұрбол Омербаевқа алғыс білдірді. Сондай-ақ сот процесін жүргізген судьяның еңбегін атап өтті.

Ол істің қоғам назарында болуына үлес қосқан журналист Руслан Өтепбайға және Фаризаға қолдау білдірген азаматтарға да ризашылығын жеткізді.

«Қоғамның қолдауы мен бейжай қарамаған әрбір азаматтың үнінің арқасында Фариза өзін жалғыз сезінген жоқ», – деп жазды Рустам Абдрахманов.

Жазба авторы Фаризаның енді ауыр кезеңді артқа тастап, өз өмірі мен балаларының тәрбиесіне көңіл бөле алатынына сенім білдірді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құрылып, оған 50 адам кіретін болады. Жаңа алаңда заң жобалары қабы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанадағы "Шығыс" тұрғын үй кешенінде болған отбасылық жанжал ерлі-зайыптылардың өлімімен аяқталды,...