Тоғызқұмалақ тақтасы ғарышқа ұшырылды

Ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2969

Ресей ғарыш агенттігімен арадағы келісім негізінде ішінде тастары бар тақта алғаш рет Көшпенділер ойындары аясында стратосфера қабатына шығып, қайтадан жерге жеткізілді, деп хабарлады madeniportal.kz.

Бұл іс-шара үстел ойындарының жанкүйерлері үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін де маңызды жаңалық. Өйткені тоғызқұмалақ – ғарышта болған жалғыз үстел ойыны. 

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы тоғызқұмалақ турнирінде 41 елден, оның ішінде Колумбия, Бангладеш, Ұлыбритания, Франция, Германия, АҚШ, Қытай, Латвия, Африка және араб елдерінен келген 114 қатысушы бақ сынайды.

Айта кетейік, 9 қыркүйек күні сағат 09:09-да 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында тоғызқұмалақтан алғашқы ойындар басталды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...