Бүгін 20 тамызда Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында ақын,...
Ауа райы өзгереді: Қазақстанға найзағайлы жаңбыр мен қатты жел келеді
ашық дереккөз
«Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметі 2026 жылғы 2–4 сәуір аралығына арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, кезеңнің басында елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз жылы көктемгі ауа райы сақталады. Ал батыс өңірлерге оңтүстік циклон әсер етіп, тұрақсыз ауа райын қалыптастырады, ол шығысқа қарай жылжыған сайын солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарға да ықпал етеді. Найзағайлы жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі, жел күшейеді, күндіз солтүстік-батыста бұршақ пен дауылды жел болуы мүмкін.
Түнгі және таңғы уақыттарда тұман күтіледі.
«Күндіз ауа температурасы солтүстік-батыс пен солтүстікте +15…+25 градустан +12…+20 градусқа дейін төмендейді, оңтүстікте +27…+32 градустан +18…+25 градусқа дейін төмендейді, батыста +13…+20 градустан +18…+25 градусқа дейін көтеріледі, шығыста +18…+26 градусқа дейін жоғарылайды, орталықта +15…+25 градус шамасында болады, оңтүстік-шығыста +25…+30 градус болады», – деп мәлімдеді «Қазгидромет».