Үкіметте кім қалды, кім тағайындалды: Ақорда жарлықтарды жариялады

Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
376

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет құрамына қатысты бірқатар кадрлық шешім қабылдады. Ақорда Премьер-министрдің орынбасарлары мен министрлерді тағайындау туралы Президент жарлықтарын жариялады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Президент Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Одан кейін Үкіметтің бірқатар министріне қатысты тағайындаулар жарияланды.

Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, ал Нұрлан Ермекұлы СауранбаевКөлік министрі болып тағайындалды. 

Сондай-ақ Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Әділет министрі қызметіне кірісті. Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.

Президент Жарлығымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Энергетика министрі, Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды. 

Білім саласында да кадрлық шешім қабылданды. Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.

Бұдан бөлек, Арман Абайұлы Шаққалиев Сауда және интеграция министрі қызметіне тағайындалды. 

Ақорда арнасындағы тағайындаулар легінде Нұржан Молдиярұлы Нұржігітовтің Су ресурстары және ирригация министрі қызметіне қатысты шешім де бар. Нұржігітов бұған дейін де аталған ведомствоны басқарған. 

Осылайша, Ақорда жариялаған соңғы кадрлық шешімдер Үкіметтің қаржы, көлік, әділет, төтенше жағдайлар, энергетика, өнеркәсіп және құрылыс, білім, сауда және су ресурстары салаларын қамтыды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстан облысы Қасым Қайсенов кентінде өткен заманауи көшпенділер фестивалінде 70 жастағы ап...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...