Шымкентте жаңбырдан кейін жаңа төселген жол шөгіп кетті

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
728

Шымкент қаласы Абай ауданындағы Ақтоғай көшесінде жуырда ғана төселген асфальт жолдың бір бөлігі жауын-шашыннан кейін ойылып қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Otyrar мәліметінше, тұрғындардың айтуынша, жаңбырдан соң жол жабындысы бірден отырып, көлікпен де, жаяу да қатынау қиындаған. Асфальттың опырылуы салдарынан жер астындағы су құбырына зақым келіп, жақын маңдағы 2 жеке тұрғын үй бірнеше күн бойы сусыз қалған.

"Жаңбыр қатты жауды. Одан кейін жол бірден шөгіп кетті. Су астындағы шлангіні қысып, үзіп жіберген. Екі көршіміз сусыз қалды", – дейді тұрғындардың бірі.

Тағы бір тұрғын жолдың жарылып, көліктердің өте алмай қалғанын, балалардың мектепке қатынауы қиындағанын айтады. Оның сөзінше, шөккен учаске 5 күн бойы сол күйі жатқан. Тұрғындар әсіресе балалардың ашық жатқан шұңқырға құлап кетуінен қауіптенген.

Қазір опырылған бөліктің асфальты алынып, орны уақытша топырақпен жабылған. 

СПОРТ

Бүгін Алматыда қазақ футболындағы маңызды матчтардың бірі өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....

ЖАҢАЛЫҚТАР

8 ай ғарышта болған "Союз МС-28" халықаралық экипаж Қазақстанға, Байқоңырға келіп қонды, деп хабарла...