Шымкенттегі ауруханада келушілер арасында төбелес болды

КТК

ЖАҢАЛЫҚТАР
1624

Шымкентте қалалық ауруханада төбелес шығарған ер адам қамауға алынды, деп хабарлады  Мadeniportal.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Келуші көпшілік сияқты туған-туыстарын көруге келген. Алайда ол басқаларға шапалақпен ұрып, адамдарға тап берген. Тіпті күзетшілер де соққы алған.

Оқиға алдыңғы күні кешке №1 қалалық аурухананың қабылдау бөлімінде болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам достарымен бірге келіп, бірден агрессивті әрекет көрсете бастаған.