Сәуір айында үйінен шығып, қайта оралмаған павлодарлық айдаладан табылды

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
526

Сәуір айында үйінен шығып, қайта оралмаған павлодарлық айдаладан табылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Шілдеде полицияға ер адамның анасы хабарласып, ұлының сәуір айында үйден шығып кеткенін, содан бері оралмағанын әрі байланысқа шықпағанын айтқан. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тәртіп сақшылары оның Саран қаласы маңындағы дала аумағында жүргенін анықтады. 

Белгілі болғандай, ер адам табыс табу үшін жұмысқа кеткен. 

Жолда ұялы телефонын жоғалтып алғандықтан, жақындарымен байланыса алмаған. Жаңа телефон сатып алуға қаражаты болмаған. Полиция мәліметінше, оған қатысты ешқандай қылмыс немесе құқық бұзушылық жасалмаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда TikTok-та тікелей эфир кезінде боғауыз сөздер айтқан екі адам әкімшілік жауапкершілікке...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүлдіршіннің анасы қызынан қанды бөлініс және жағымсыз иіс байқап, дәрігерлерге жүгінген, деп хабарл...