Танымал әнші Қазақстандағы концерті өтпейтінін мәлімдеді

Ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1083

Белгілі әнші Земфира Instagram парақшасында хабарлама жариялады. Ол көптен күткен Алматыдағы концерттің болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлады Мadeniportal.kz Tengri Life сайтына сілтеме жасап.

Земфира бұл жаңалықты Instagram парақшасында бөлісті.

"Сәлеметсіздер ме. Жағымсыз жаңалығым бар: Алматыдағы концерт өтпейтін болды", – деп жазды ол.

Бастапқыда шара 6 шілдеде Қонаев қаласында өтуі тиіс еді, кейінірек ол Алматыға ауыстырылған. Оның айтуынша, бәрі басынан-ақ сәтсіз басталған: ұзаққа созылған келісімдер, алаңның ауысуы және ақырында – "Хан-Тәңірі" стадионында концерт өткізуге ресми түрде рұқсат берілмеуі.

"Концертке екі апта қалғанда. Мен үшін "Афиша" – қасиетті дүние, сондықтан мұны түсіне алмаймын…" – деп атап өтті ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...