Танымал журналист хиджаппен сабаққа барған Айдана Меденованың қызын сынады

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1007

Танымал журналист Жазира Бегалы хиджабпен мектепке барған Айдана Меденованың қызын сынады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы  Todayinfo.kz ақпарат агенттігі жазды.

БАҚ өкілі Оқу-ағарту министрлігіне үндеу жасады.

“Әнші Айдана Меденованың әлеуметтік желілерде бейнежазбасы жария болды. Қызы хиджаб киіп, мектепке кедергісіз кірді. Тыйым қайда?! Бұл Оқу-ағарту министрлігіне сұрақ. Ал қарапайым адамның баласын мектепке жолатпай, “Рұқсат жоқ” деген заңды әке-шешесінің бетіне басып, оқушыны білім ордасынан қуып шығады. Мен кәмелет жасқа толмаған баланың хиджаб кигенін қолдамаймын. Министрлікке сұрағым бар. Заң мен талап – баршаға ортақ. Атақты адамның баласына хиджаб киюге неге ешкім тыйым салмайды?! Ал қарапайым жандардың жүйкесін мұғалімдер мүжиді. Әділдік қайда?! Ата-анасы атақты балаға хиджаб киюге рұқсат беру бұл алалау емес пе?! Министрлік балалардың құқығын бұзуға неге жол берген?! Заң баршаға ортақ болу керек”, – деп жазды журналист.

ЖАҢАЛЫҚТАР

22 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давосқа жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында 2025 жылғы 25 желтоқсанда тіркелген бір...