Таразда мемлекеттік емтиханнан кейін студенттер шу шығарды

Фото: facebook.com/dulatykz/

ЖАҢАЛЫҚТАР
1932

Тараздағы М.Х. Дулати атындағы өңірлік университеттің бітіруші курс студенттері мемлекеттік емтиханнан әділетсіз түрде сүріндік деп наразылық білдірді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Аударма ісі мамандығы бойынша білім алған 66 студент емтихан кезінде оқытушылар тарапынан қысым көрсетілді, ал кей факультеттерге қайта тапсыру мүмкіндігі берілгенімен, өздеріне мұндай мүмкіндік қарастырылмады деп отыр.

Олар сынақ кезінде себепсіз тексеру, кемсіту, бейәдеп сөздер айтылғанын, ал кей топтар мүлде тексерусіз өткенін алға тартады.

Университет ректоры арнайы комиссия құрылып, мәселе тергелетінін мәлімдеді. Заң бұзғандар анықталса, шара қолданылады деді. Ал емтиханнан өтпей қалған студенттерге келесі жылы қайта тапсыруға рұқсат берілуі мүмкін. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...