«Бәрі ертегідей»: Қайрат Нұртас кенже қызының туған күнін дүркіретіп жасады

коллаж: MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
103

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова кенже қызы Рабия Сұлтанның бір жасқа толған туған күнін атап өтті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Жұлдыз Әбдікәрімова мерекелік кештен бейнеролик жариялап, қызына жүрекжарды тілегін арнаған.

«Айналайын Рабия Сұлтан! Қай жаста болсаң да, қай жерде жүрсең де, біздің саған деген махаббатымыз өзгермейді», – деп бастады ол жазбасын.

Жұлдыз қызының болашақта қандай маман немесе тұлға болуынан бұрын, адамдық қасиеттері маңызды екенін атап өтті. Ол Рабияның арлы, адал, жүрегі жұмсақ, сөзіне берік, өзін құрметтейтін қыз болып өсуін тіледі.

Сондай-ақ анасы қызының өмір жолында жақсы адамдар кездесіп, бағы ашылып, жүрегі тыныш болуын тіледі.

Жазбаның соңында Жұлдыз Әбдікәрімова тілегін «Шексіз сүйіспеншілікпен, бауырларың, ата-әжелерің және әкең мен анаң!» деген сөздермен аяқтаған.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа адамдардың AntiLIPA Азаматтық науқаны осыған дейін Ayana Clinic-те тексеру жүргізген. Сол кезде...

СПОРТ

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаев «Челсидің» Англия Премьер-лигасының жаңа маусымына...