Zivert «Астана» футбол клубынан сыйлық алды

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
971

Ресейлік әнші Zivert 31 қазан күні Астанадағы «Барыс Аренада» өткен концертінде «Жеңіс» футбол клубынан ерекше сыйлық алды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Команда әншіге есімі жазылған және арқасында 10 нөмірі бар клубтың фирмалық жейдесін сыйға тартты. Астаналық клубтың сыйлығын алған Zivert эмоциясын жасыра алмай, жымиып футболшыларға алғысын білдірді.

Zivert-тің концертіне көптеген тыңдарман жиналды, билеттердің бағасы 16 мың теңгеден басталған. Әлеуметтік желілерде көрермендер шоу бағдарламаның әсерлі өткенін, әншінің тірі дауыста орындауын және залмен жылы қарым-қатынас орнатқанын атап өтті.

Әншінің тыңдармандары мен футбол жанкүйерлері қазірдің өзінде клубтың бұл қадамын әлеуметтік желілерде қызу талқылап жатыр — көпшілік мұндай қолдау команданы жаңа спорттық жетістіктерге шабыттандырады деп сенеді.
“Тек жеңіс қана!” – деп Zivert спортшыларға қолдау білдірді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...