Теміртауда екі жастағы қыз терезеден құлап кетті

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
735

Теміртау қаласында екінші қабаттың терезесінен кішкентай қыз құлап кетті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Оқиға 15 шілде күні болған. Қалалық ТЖ басқармасының мәліметінше, 2023 жылы туған бүлдіршін түрлі жарақаттармен дереу ауруханаға жеткізілген.

Биылғы жылдың басынан бері Қарағанды облысында балалардың көпқабатты үй терезесінен құлауына қатысты 20 жағдай тіркелген.

Осыған байланысты құтқарушылар ата-аналарға келесі қауіпсіздік шараларын ескертеді:

Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар;
Бала бар пәтерлердің терезесіне арнайы қорғаныш құрылғыларын орнатыңыздар;
Терезе тұтқаларын бекітіп қойыңыздар, бала өз бетімен аша алмайтындай болсын;
Масаханаларды қорғаныш құралы ретінде қолдануға болмайды – балалар оларға сүйеніп, олармен бірге құлап кетеді;
Терезе маңындағы жиһаздарды алысқа жылжытыңыздар, бала терезе алдына шығалатындай мүмкіндік болмауы керек.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда тағы алты жол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың ш...

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...