Түркістанда Америкадан қыдырып келген бала жоғалып кеткен

Фото: ІІМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
285

Түркістанға туристік сапармен АҚШ азаматы Иоаннис Пикалов отбасымен бірге келген. Серуен барысында оның 6 жасар ұлы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында жүрген кезде жоғалып кеткен,  деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Баласын өз бетінше таба алмаған шетелдік азамат дереу туристік полиция қызметкерлеріне жүгінген. Полицейлер арыз түскен сәттен бастап жедел әрекет етіп, іздестіру шараларын ұйымдастырған.

Тәртіп сақшылары оқиға орнын және жақын маңдағы аумақты толық тексеріп, бейнебақылау камералары арқылы баланың қозғалыс бағытын анықтаған.

"Жедел қабылданған шаралар нәтижесінде балақай бірнеше сағат ішінде жақын маңдағы дүкендердің бірінен аман-есен табылып, ата-анасына табысталды", - деп жазылған хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...