Теміржол қызметкері есірткі сатумен айналысқан

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2485

"Қазақстан теміржолы – жүк тасымалы" ЖШС қызметкері есірткі сатқаны үшін ұсталды, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру кешенін өткізу барысында қаланың екі тұрғынын ұстады.

"Ұсталғандардың бірі – "ҚТЖ – жүк тасымалы" ЖШС қызметкері достарына есірткі таратқан. Тінту барысында шамамен 700 грамм есірткі тәркіленді, зергерлік электронды таразы, электрошокер, пневматикалық мылтық, 2 мылтық және оқ-дәрі тәркілеп алынды", – дейді ведомство.

Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы үлкен өнеркәсіп кәсіпорынның қызметкерлері 23 тамызда өтетін құрылтайдың мүшелерін сайлау...

Әлем

Таиландтағы ең ірі қорықтардың бірінде қорықшыны жабайы жолбарыс өлтірді. Қайғылы оқиғадан кейін қор...