TikTok-та ақша тапқысы келген ақтөбелік екі миллион теңгесінен айырылды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
570
 

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының тұрғыны алаяқтардың құрбаны болды. Ол Telegram мессенджерінде TikTok-та қаралған және лайк басылған видеоның әрбір скриншоты үшін 300-ден 800 теңгеге дейін ақша табуды ұсынатын хабарландыру көрген, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

«Мой город» порталының мәліметінше ер адам жылдам ақша табасың деген уәдеге сеніп, шарттармен келісіп, «әкімшінің» нұсқауын орындап, сайтқа тіркелген, оған алдымен тапсырмаларды орындап, фильм сатып алу қажет екені айтылған. Алаяқтар инвестиция 30% табыс әкеледі деп сендірген.

«Жұмыс» барысында ер адам «фильмдерді сатып алу» үшін белгіленген карта шоттарына ақша аудара бастаған. Ақырында жәбірленушінің сеніміне қиянат жасаған алаяқтар екі миллион теңгеден астам ақшаны заңсыз иеленген», - деп жазды портал.

Бұл оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, елімізде оқушылар мен ата-аналарға мұғалім болып хабарласатындар көбейді. Алаяқтар «электронды күнделікті қайта рәсімдеу» деген сылтаумен SMS арқылы келген кодтарды айтуды сұрайды. Оқу-ағарту министрлігі SMS-кодтардың құпия екенін, оны ешкімге айтуға болмайтынын ескертті.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...