Тойда «уағыз» айтқан қария 7 жылға дейін сотталуы мүмкінэ

Фото: видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
215

Әлеуметтік желіде айтқан сөзімен қызу талқыға түскен 66 жастағы зейнеткерге қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ер адамға әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздырды деген айып тағылып отыр. Бұған дейін ол екі айға қамауға алынған. Іс бойынша оның мәлімдемелеріне кешенді дінтану, саясаттану және филологиялық сараптама жүргізілген.

Егер сот зейнеткерді кінәлі деп тапса, ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұл жағдай бұған дейін желіде тараған видеодан кейін қоғамның назарын аударған еді. Кадрларда 66 жастағы ер адамның тойда сөз сөйлеп, әншілерді «шайтанның азаншысы» деп атағаны, ал әйелдерге қатысты кемсітуші сөздер айтқаны көрінеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарда шиномонтаж қызметкері жұмыс кезінде болған қайғылы жағдайдан көз жұмды, деп хабарлады Mad...

PESTEL

Үндістанның Ассам штатында жабайы піл түнгі патруль кезінде полицейді таптап өлтірді. Қайғылы оқиғ...