Алматыда полиция басқармасы басшысының орынбасары Қайыржан Тоқтыбаев әдепсіздігі үшін судьядан сөз е...
Алматыда екі блогер TikTok-та боқауыз сөз қолданғаны үшін 5 тәулікке қамалды
Фото: freepik
17
Алматы полициясы TikTok желісінен екі жастың балағат сөздер мен әдепсіз тіркестер қолданған видеосын анықтады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Полиция видеодағы адамдардың кім екенін анықтады. Олар 25 жастағы Ибраим Стамбеков пен 21 жастағы Абай Абдыханов болып шықты.
Екеуіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданған. Сот оларды кінәлі деп танып, әрқайсысын 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.