Қазақстандық оқушылардың қысқы демалысы қашан басталады?

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1456

Мектеп оқушылары екінші тоқсанның демалысына қашан шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бірінші сынып оқушылары қыста екі рет демалады: ақпан айында оларға қосымша бір апта демалыс беріледі.

“Екінші тоқсанда сегіз оқу аптасы бар. Қысқы демалыс күнтізбелік он күнді құрайды – 2024 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда. Бірінші сыныптарда қосымша демалыс күнтізбелік жеті күнді құрайды – 2025 жылғы 10-16 ақпан аралығы”, - делінген министрлік мәліметінде.

Оқу жылындағы ең ұзақ тоқсан – үшінші тоқсан. Ол он аптаға жалғасады. Көктемгі демалыс наурыз айына жоспарланған және 11 күнге созылады – 21-31 наурыз.

Соңғы, төртінші тоқсан, сегіз аптадан тұрады, яғни 2025 жылдың 25 мамырында аяқталады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...