Астанадағы LRT-де не болып жатыр? Полиция 40 құқық бұзушылықты анықтады

ІІМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
145

Астанадағы Tarlan Astana жеңіл рельсті көлігі іске қосылғалы бері оның нысандарында үш қылмыстық және 37 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі жазды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Астана станциясындағы көлік полициясы басқармасы бастығының бірінші орынбасары Беслан Нациевтің айтуынша, жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін LRT-дің барлық 18 станциясында полиция қызметкерлері ауысыммен кезекшілік етеді.

Қосымша патрульдер күн сайын қозғалыс кезінде пойыз вагондарын аралап тексереді. Тәуліктік кезекшілік құрамына қызметтік иттері бар кинолог мамандар да енгізілген. Олар станциялар мен вагондарды тексеріп отырады.

Полиция мәліметінше, Tarlan Astana қызметін тәулігіне орта есеппен 70 мыңға жуық адам пайдаланады. Жолаушылар ағынының көп болуына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті сақтауға ерекше көңіл бөлінген.

Қауіпсіздік мақсатында бейнебақылау жүйелері, дабыл құрылғылары және шұғыл байланыс бағандары орнатылған. Әр вагонның ішінде сегіз, ал сыртында екі бейнебақылау камерасы бар.

«Өткен кезеңде LRT нысандарында үш қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Барлық дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Сонымен қатар 37 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың арасында ұсақ бұзақылық пен қоғамдық орындарға мас күйде келу жиі кездеседі», – деді Беслан Нациев.

Жақында «Әуежай» станциясында полиция қызметкерлері мас күйде қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамды ұстаған. Ол заң аясында жауапкершілікке тартылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысының Қарасай аудандық соты Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты үкім шығарды. Ол 2 жыл 3 ай мерз...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құрылып, оған 50 адам кіретін болады. Жаңа алаңда заң жобалары қабы...