Тоқаев: «Киіктерді атқаны үшін жазаны күшейту қажет»

ЖАҢАЛЫҚТАР
3770

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған қорықшының жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы Президент Twitter-парақшасында жазды. 

«Браконьерлермен арпалыста ерлікпен қаза болған қорықшы Қаныш Нұртазиновтың жақындарына шынайы көңіл айтамын. Қаскөйлер ұсталып, сотқа тартылады. Киіктерді атқаны үшін жазаны күшейту қажет. Қаза тапқан Қ.Нұртазинов марапатталатын болады. Егерь С.Оспановтың сауығып кетуін тілеймін», - деді Тоқаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін браконьерлердің қолынан бір инспектор қаза тауып, екіншісі ауруханаға жеткізілгенін жазған болатынбыз. Марқұм инспектордың артында 4 баласы қалды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...