Алматыда екі ер адамның 9 жасар балаға жасаған сұмдығы елдің жағасын ұстатты

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1717

Алматыда екі ер адам балаға сұмдық әрекеттер жасады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Оқиғв Алматы облысы Іле ауданындағы Өтеген батыр ауылындағы Титов көшесінде болған. Екі мас адам 9 жасар баланы сыра ішіп, өздерімен бірге жүруге шақырған. Біреуі баланың басынан ұрып, киімін жыртып тастаған. Мұны көргендер дереу араша түсіп, баланы қорғап қалды.

“Бірнеше адам қашып кетпек болған қаскүнемді полиция келгенше ұстады", - делінген әлеуметтік желіде жарияланған хабарламада.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұзақылық факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...