“Үкімет берген уәдесінде тұрса екен”. Шахтада қаза тапқан Олжас Нұрұлдаевты туысы еске алды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1917

«Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Жомарт» кенішінде қаза тапқан азамат Олжас Нұрұлдаевтың туысы марқұмның артында 4 ұл, 1 қызы қалды дейді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Марқұмның туысы Серік Дүйсенұлының айтуынша, Олжас Нұрұлдаевтың артында төрт ұлы мен бір қызы қалды. Сонымен қатар марқұмның жары, анасы, інісі мен қарындасы бар.

"Алла алдынан жарылқасын. Ініміздің қазасы біз үшін орны толмас қайғы. Ол орны бөлек азамат еді. Үлкен әкесінен алған тәрбиесі мен жөн-жобасы бар, ізімізді басып келе жатқан бауырымыз болатын. Үкімет берген уәдесінде тұрып, балаларына қажетті жағдайды жасап берсе дейміз. Балаларының үлкені 24 жаста, кенжесі екіде", - деді Серік Дүйсенұлы. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылдың тамыз айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтарды 10 демалыс күні к...

ЖАҢАЛЫҚТАР

30 жыл бұрын зорлық көрген Наташа Қалымбетова қызы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды MadeniPortal.k...