“Туған ұлым мен келінім ұрады”: Перзентінен зәбір көрген қарт ананың видеосы қызу талқыға түсті

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1807

Журналист Гүлмира Әбіқай желіде баласы мен келінінен зәбір көрген кейуананың жағдайын көрсетіп, жазба қалдырды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Гүлмира Әбіқай әлеуиеттік желіде түсірілім барысындағы сәттермен бөліміп, күйсіз жүрген қарт ананың жағдайын бөлісті. Видеода баласы мен келінінен зәбір көрген кейуана туған баласының “үйден кет” деп қуатындарын жасырмады.

“Қартайғанда балам мен келінім ұрады, соғады, үйден қуады, барымды алады. Ұрған жоқпын, сөйлеген жоқпын. Енді айналып келіп мен жаман кемпір болып қалдым”, - дейді қарт ана. 

Журналист осы қызу талқыға түскен видеоның астына “Өкінішке қарай, соңғы кездегі шындық осы! 9 ай көтеріп, туып, өсіріп, өндіріп қартайған шағында сол баладан қорлық көрген ата-аналар көбейді. “Ақырзаман деген осы ма екен?” деп қарап отырмай шұғыл 102 хабарласыңыз! Бұл заңмен жазаланатын тұрмыстық зорлық-зомбылық!” деген жазба жариялаған. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...